Басты бет - Жаңалықтар - Ғылыми жоба аясында шетелдік студенттерге арнайы дәріс оқылды

Ғылыми жоба аясында шетелдік студенттерге арнайы дәріс оқылды

ХХІ ғасырда қоғамда тез қарқынмен жүріп жатқан ақпараттандыру процесі ақпараттық ортаның бұрыннан болмаған әлемдік деңгейде ауқымын кеңейтті. Ақпараттандыру процесі білім беру жүйесін де қамтып, болашақ педагогтерді кәсіби тұрғыдан даярлауды жаңа мазмұнда қарастыруды  қажет етеді: цифрлық ресурстар, ақпараттық  медиақұралдар  және  цифрлық  ортадағы шетелдік инновациялық  педагогикалық  тәжірибелер және т.б.

Цифрлы Қазақстан жағдайында  әлемдік  бәсекеге қабілетті болашақ педагогтерді даярлау педагогикалық жоғары оқу орнында цифрлы  технологияның қыры мен сырын толық меңгерген, өзінің   жеке инновациялық  ақпараттық   педагогикалық банк қоры, цифрлы контенті  және  инновациялық   медиатекасы бар, білім  алушының   шығармашылық, креативтік, интеллектуалдық  қабілетін  дамыту үшін  инновациялық  ғылыми-зерттеушілік   жұмыс жасап, оның  нәтижесін диагностикалық сараптамадан өткізіп, педагогикалық мониторинг жасай алатын,  инновациялық сабақтың технологиялық  картасын  құрай  алатын жоғары интеллектуалды әлеуеті бар, цифрлы ортада  инновациялық технологиялық іс-әрекетті жүзеге  асыра  алатын  цифрлы  құзыреттілігі  қалыптасқан   болашақ  педагогтерді  даярлауды   жүзеге асыруды  көздейді.

Осындай  өзекті  мәселені  шешу мақсатында AP09259497 «Жаңа  жағдайдағы  Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің  цифрлы  құзыреттіліктерін қалыптастырудың  технологиялық-әдістемелік аспектілері» атты  гранттық қаржыландыру  жобасы аясында   Жоба жетекшісі, п.ғ.д., профессор К.Д.Бузаубакова және Жоба мүшесі, PhD доктор П.А.Кудабаева Қырғыстан Республикасының Бішкек қаласындағы Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық уиверситетінде ғылыми тағылымдамадан өтті:

1) Ғылыми Жоба аясында Дулати университеті мен Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің ғалымдарының арасындағы коллаборативтік ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша ынтымақтастық орнатылды.

2) Жоба жетекшісі, п.ғ.д., профессор К.Д.Бузаубакова Ж.Баласағұн атындағы   Қырғыз Ұлттық университетінің И.Исамединов атындағы педагогикалық кадрларды мақсатты даярлау институтында ғалым-оқытушылар, магистранттар және болашақ педагогтерге «Smart педагогтің заманауи келбеті»  тақырыбына арнайы қонақ дәріс оқыды.

3) Жоба мүшесі, PhD доктор П.А.Кудабаева болашақ педагогтерге «Цифрлы  білім беру ортасындағы болашақ педагогтің педагогикалық құзыреттілігі» тақырыбына арнайы қонақ дәріс оқыды.

Ақпараттар ағыны толастаған жаңа ғасырда педагогикалық жоғары оқу орындарында педагог кадрларды кәсіби тұрғыдан дайындау жүйесін жетілдіру және болашақ педагогтердің цифрлық құзыреттілігін қалыптастыруда шетелдік ЖОО-мен коллаборативтік ынтымақтастық орнатудың, академиялық ұтқырлық негізінде арнайы  ғылыми дәрістер оқудың маңызы зор.

Клара БУЗАУБАКОВА

М.Х.Дулати  атындағы Тараз өңірлік университетінің

«Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор