Басты бет - Жоба туралы
Жоба туралы
Жоба тақырыбы атауы: «Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері»
Жобаның өзектілігі: ХХІ ғасырда білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру үшін оқыту бағдарламасын сыни ойлау, өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға, қашықтықтан да білім алуға бағыттау қажет.
Халықаралық педагогикалық, кәсіби білім беру орталықтарының тәжірибелерін қазіргі жағдайдағы қазақстандық нарыққа бейімдеу арқылы жаһандық бәсекеге қабілетті цифрлы-креативті құзыреттіліктері жоғары болашақ педагогтер дайындауымыз керек.
Жаңа жағдайдағы Қазақстанстанда педагогикалық білім беру жүйесін әлемдік деңгейде жаңғыртуда М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті (Дулати Университеті) мен Ресейдің Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің (ШМПУ) инновациялық ынтымақтастық серіктестігі негізінде қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың әдіснамалық, технологиялық және әдістемелік аспектілерін айқындау, жүзеге асырудың тиімді жолдарын анықтау, әдістемесін жасау қажеттілігі туындауда.
Зерттеудің қолданылатын әдіснамасы: тұлғаға және нәтижеге бағдарланған оқыту мен білім берудің инновациялық тұжырымдамалары.
Ғылыми-зерттеу нәтижелері импакт-факторлы шетелдік басылым, монография, оқулық, электронды оқулықтар түрінде жарық көреді, ақпараттық банк қоры жасақталады, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде инновациялық педагогикалық орталық - www.smart-pedagog.kz оқу порталы ашылады, серіктес ЖОО ретінде Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінде «SMART-PEDAGOG» онлайн-кафедрасы ашылады.
Әлеуетті тұтынушылар: педагогикалық жоғары оқу орындары, жалпы білім беретін орта мектептер, НЗМ, «Өркен» АҚ-ы, «Өрлеу Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ-ы, Педагогикалық шеберлік орталықтары.
- Жобаның мақсаты - Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіруде үшін Қазақстандық және Еуропалық білім беру интеграциясы аясында Дулати Университеті мен Ресейдің ШМПУ-нің ынтымақтастық серіктестігі негізінде қашықтықтан білім беру жағдайында ҚР-да болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық және әдістемелік аспектілерінің айқындау, әдістемесін жасау.
Жобаның міндеттері:
- Жаңа жағдайдағы Қазақстанда қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық, инновациялық-технологиялық және желілік-әдістемелік негіздерін айқындау.
- Қазақстандық және Ресейлік білім беру интеграциясы аясында қашықтықтан білім беру жағдайында ҚР-да болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастыруда Дулати Университеті мен Ресейдің ШМПУ-нің ынтымақтастық серіктестігінің моделін жасау, интегративтік әдіснамасы мен жүзеге асыру тетіктерін айқындау.
- Жаңа жағдайдағы Қазақстанда жаһандық бәсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды дайындауда қашықтықтан білім беру жағдайында инновациялық іс-тәжірибені үйрену, пайдалану, зерттеу, насихаттау мақсатында Дулати университеті (Қазақстан) мен Ресейдің Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей) арасында бірыңғай ортақ бірлескен желілік-әдістемелік байланысын орнату.
- Жаңа жағдайдағы Қазақстанда қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау, әдістемесін жасау.
Күтілетін нәтижелер:
- Жаңа жағдайдағы Қазақстанда жаһандық бәсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды дайындауда қашықтықтан білім беру жағдайында инновациялық іс-тәжірибені үйрену, пайдалану, зерттеу, насихаттау мақсатында Дулати университеті (Қазақстан) мен ШМПУ (Ресей) арасында бірыңғай ортақ бірлескен желілік-әдістемелік байланысы орнатылады: «SMART-PEDAGOG» орталығы ашылады, серіктес ЖОО ретінде ШМПУ-де «SMART-PEDAGOG» онлайн-кафедрасы ашылады.
2.Қазақстанда жаһандық бәсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды дайындауда қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастыруда инновациялық-ақпараттық банк қоры жасақталады, жаңа www. smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталы ашылады.
- Жаңа жағдайдағы Қазақстанда қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың тиімді жолдарын анықталады, әдістемесі жасалады.
- Ғылыми-зерттеу нәтижелері отандық және импакт-факторлы шетелдік басылымдарда ғылыми мақалалар, монография, оқулық, электронды оқулықтар, пәннің цифрлы оқу контенттері арқылы жарық көреді және ағылшын тіліне аударылып, шетелдік ғалымдармен (авторлық бірлестікте) шетелдік баспадан шығарылады;
- 6 жаңа өнімге авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы авторлық КУӘЛІК алынады: оқулық-1; монография-3; электронды оқулық-2.
- «SMART-БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ» онлайн тестінің мобильді қосымшасы жасалынады.
- «Қашықтықтан білім беру: сын-қатерлер, заманауи трендтер және стратегиялар» Халықаралық Конгресс ұйымдастырылады және еңбектер жинағы жарық көреді.
- 8. Жобадағы 1 магистарант кіші ғылыми қызметкерік қызметті атқарады, онлайн-тест әзірлейді, онлайн вебинар-коучингтер, онлайн педагогикалық олимпиадалар жүргізеді.
- «Қашықтықтан оқыту технологиялары» болашақ педагогтерге арналған онлайн курс бағдарламасы дайындалып, онлайн курс ұйымдастырылады, барлық оқу материалдары Жоба нәтижесінде ашылатын www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталына жүктеледі.
- «Мен-SMART-PEDAGOG боламын!» болашақ педагогтерге арналған онлайн коучинг ұйымдастырылады және нәтижесі, барлық оқу-дидактикалық материалдар www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталындағы SMART-онлайн-коучингке жүктеледі.
- 11. «Менің алғашқы онлайн сабағым» болашақ педагогтерге арналған онлайн конкурс ұйымдастырылады және нәтижесі, барлық оқу-дидактикалық материалдар smart-pedagog.kz педагогикалық оқу порталындағы SMART-онлайн-әдістемелік қоржынға жүктеледі.
- Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагог мамандарды дайындау және болашақ педагогтердің цифрлы сауаттылықтары мен құзыреттіліктерін арттыру бойынша DULATY цифрлы педагогикалық хаб (педагогикалық кампус) жасақталады.
Кілтті сөздер: Қашықтықтан оқыту, цифрлы құзыреттілік, «SMART-PEDAGOG», педагогикалық хаб, педагогикалық білім беру порталы.