Басты бет - Жаңалықтар - Дулати университеті мен Ресейдің Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті арасында ынтымақтастық байланыс нығаюда
Дулати университеті мен Ресейдің Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті арасында ынтымақтастық байланыс нығаюда
Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін әлемдік деңгейде жаңғыртуда М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті (Дулати Университеті) мен Ресейдің Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің (ШМПУ) инновациялық ынтымақтастық серіктестігі негізінде қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың әдіснамалық, технологиялық және әдістемелік аспектілерін айқындау, жүзеге асырудың тиімді жолдарын анықтау, әдістемесін жасау қажеттілігі туындауда.
Осы мақсатта AP09259497 «Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері» ғылыми жоба аясында Жоба жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бузаубакова Клара Джайдарбековна мен Ресейдің Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Дзиов Артур Русланович М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің арасында өзара ынтымақтастық туралы келісім шарт жасасты.
Жобаның мақсаты - Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіруде үшін Қазақстандық және Еуропалық білім беру интеграциясы аясында Дулати Университеті мен Ресейдің ШМПУ-нің ынтымақтастық серіктестігі негізінде қашықтықтан білім беру жағдайында ҚР-да болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық және әдістемелік аспектілерінің айқындау, әдістемесін жасау.
Жобаның міндеттері:
1. Жаңа жағдайдағы Қазақстанда қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық, инновациялық-технологиялық және желілік-әдістемелік негіздерін айқындау.
2. Қазақстандық және Ресейлік білім беру интеграциясы аясында қашықтықтан білім беру жағдайында ҚР-да болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастыруда Дулати Университеті мен Ресейдің ШМПУ-нің ынтымақтастық серіктестігінің моделін жасау, интегративтік әдіснамасы мен жүзеге асыру тетіктерін айқындау.
3. Жаңа жағдайдағы Қазақстанда жаһандық бәсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды дайындауда қашықтықтан білім беру жағдайында инновациялық іс-тәжірибені үйрену, пайдалану, зерттеу, насихаттау мақсатында Дулати университеті (Қазақстан) мен Ресейдің Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей) арасында бірыңғай ортақ бірлескен желілік-әдістемелік байланысын орнату.
4. Жаңа жағдайдағы Қазақстанда қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау, әдістемесін жасау.
Ресейдің Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінде AP09259497 ғылыми жоба аясында www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталының тұсаукесері жасалынды.
Тұсаукесерге М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бузаубакова Клара Джайдарбековна, «Білім берудегі шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрманалиева Ұлтай Тілегенқызы, Ресейдің Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Дзиов Артур Русланович, ғылыми және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Скоробогатова Наталья Владимировна және Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің болашақ педагогтері мен белді ғалымдары қатысты.
Ресейде www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталының тұсаукесерін Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің ғылыми және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Скоробогатова Наталья Владимировна жасады.
Жоба жетекшісі «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Бузаубакова Клара Джайдарбековна www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталының ерекшеліктерімен таныстырды.
Коррекциялық педагогика және психология кафедрасының профессоры Филютина Татьяна Николаявна педагогикалық білім беру порталының болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастыруда қосар үлесі зор болатындығын ерекше тербеліспен айтып, ризашылығын білдірді.
Жоба жетекшісі, п.ғ.д., профессор Бузаубакова Клара Джайдарбековна мен Жобаның аға ғылыми қызметкері п.ғ.к., доцент Нұрманалиева Ұлтай Тілегенқызы қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері аясында ғылыми тағылымдамадан өтті.
Жоба жетекшісі п.ғ.д., профессор Бузаубакова Клара Джайдарбековна Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің болашақ педагогтерімен «SMART-болашақ педагог – ОЛ кім?» тақырыбына педагогикалық тренинг өткізді.
Педагогикалық тренинг барысында болашақ педагогтер SMART-болашақ педагогтің келбетін ашып, болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша өз ой-тұжырымдарымен бөлісті.
Сондай-ақ, Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің болашақ педагогтері «SMART- болашақ педагог» онлайн тест және онлайн-сауалнамадан өтіп, өзінің цифрлы-құзыреттіліктерін сынады.
Болашақта Қазақстандық болашақ педагогтердің цифрлы-құзыреттіліктері Ресейлік болашақ педагогтердің цифрлы-құзыреттіліктерімен салыстырылып, SWOT-талдау жасалынады.
AP09259497 ғылыми жоба аясында Ресейдің Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінде «SMART- болашақ педагог» онлайн-кафедра ашуға Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің ғылыми кеңесінің шешімі шығарылды және онлайн-кафедраны «Мектепке дейінгі және әлеуметтік білім беру» кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Пономарева Людмила Ивановна басқаратын болды.
Тұсаукесері Ресейден бастау алған www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталы болашақ педагогтердің цифрлы-құзыреттілігін қалыптастыру қатар Ресей ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша өзара ынтымақтастық байланысқа кеңінен жол ашты.
Клара БУЗАУБАКОВА
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Педагогика» кафедрасының меңгерушісі,
п.ғ.д., профессор, Жоба жетекшісі