Home - News - www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталының тұсаукесері өтті

www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталының тұсаукесері өтті

ХХІ ғасырда білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру үшін оқыту бағдарламасын  сыни ойлау, өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға, қашықтықтан да білім алуға бағыттау қажет.

Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау, болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігі туындауда.

AP09259497 «Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері»   ғылыми жоба аясында www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталының тұсаукесері жасалынды.

Тұсаукесерге М.Х.Дулати атындағы  Тараз  өңірлік университетінің Зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Нұрмұханбет Данияр Ысқақұлы; Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының   докторы, Қазақстанға танымал ғалым Амирова Амина Слямхановна; Қазақ Ұлттық  қыздар педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты  Жубандықова Аккул Мырзалиевна; Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты  Бейсенбекова Гульмира Бекиновна; М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің  «Заманауи педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Бөлетова Ләззат Алпысбаевна; М.Х.Дулати атындағы Тараз  өңірлік университетінің  «Әлеуметтік педагогика және арнайы  педагогика» кафедрасының доценті,  педагогика ғылымдарының кандидаты Қалматаева Айман Мамбетбайқызы  және жас ғалымдар, болашақ педагогтер қатысты.

www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталының тұсаукесерін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Нұрмұханбет Данияр Ысқақұлы жасады.

Жоба жетекшісі «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Бузаубакова Клара Жайдарбекқызы www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталының құрылымен, дидактикалық ерекшеліктерімен, жұмыс жасау принциптерімен таныстырды.

www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталы болашақ педагогтердің  цифрлы-креативті құзыреттілігі болашақ педагогтің  креативті ойлау қабілеті, әдіснамалық рефлексия, жаңалыққа деген талпынысы, инновациялық технологияларды шығармашылықпен пайдалану, оқу-тәрбие процесін жетілдіру мақсатындағы ұдайы ізденістері, педагогикалық  инновацияларды  өз іс-тәжірибесінде жүйелі пайдалану, ақпаратты өз бетінше іздеп, таба алуы; алынған мәліметті өңдей алуы, жинақтауы, сұрыптауы және  т.с. шығармашылық  іс-әрекеттерінен  көрініс табатын цифрлы-құзыреттілігін қалыптастыруды көздейді.

www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталы 3 тілде жұмыс жасайды: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.

Ұсынылып отырған педагогикалық білім беру порталының артықшылығы жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагог мамандарды дайындау және болашақ педагогтердің цифрлы сауаттылықтары мен құзыреттіліктерін арттыру бойынша  DULATY цифрлы педагогикалық хаб (педагогикалық  кампус) жасақталатындығы.

Цифрлы педагогикалық кампус –  білім алуда, қашықтан білім алуда және біліктіліктерін көтеруде барлық білім беру  ресурстарына қолжетімтілікті  қамтамасыз ететін интеллектуалды инновациялық  виртуалды  білім беру алаңы.

Цифрлы педагогикалық хаб болашақ педагогтің-цифрлы креативті  құзыреттіліктері қалыптасқан  smart-болашақ педагогтің  цифрлы-әдістемелік кабинеті болмақ.

ҚР  педагог мамандарды дайындау  және болашақ педагогтердің  цифрлы   креативті  құзыреттіліктерін арттыру мақсатында ашылған www.smart-pedagog.kz  педагогикалық білім беру порталы төмендегідей бағытта жұмыс жасайды және 8 онлайн-педагогикалық ресурсты пайдаланады:

1) SMART- онлайн  педагогикалық шеберхана (педагогикалық орталық) – мұнда болашақ педагогтер Қазақстан, Ресей және басқа да алдыңғы қатарлы шетел мемлекеттерінің жаңашыл педаготерінің бейнесабақтарын көру, талдау,  педагогикалық  практика кезеңінде сынақтан өткізу нәтижесінде  педагогикалық мамандықтың қыр-сыры мен таңғажайып құпияларымен танысады; қашықтықтан оқыту бойынша  сабақтар әзірлейді  және т.б.

2) SMART онлайнпедагогикалық  студия – мұнда  болашақ педагогтер  өздерінің алғашқы  инновациялық онлайн сабақтарын  бейнетаспаға жазуға қажетті білім, білік, дағдыларды алады; алғашқы  бейнесабақтарын жасап үйренеді,  дайындайды.

3) SMART-онлайнпедагогикалық  электронды  кітапхана smart- болашақ педагог мамандығы мен жүргізетін пәні бойынша қажетті білім мен біліктілікті интернет-ресурстар арұылы алады.  

4) SMART-онлайн  әдістемелік қожын smart- болашақ педагог  Қазақстан мен Ресей және басқа да алдыңғы қатарлы шетел мемлекеттерінің жаңашыл педагогтерінің алдыңғы қатарлы  инновациялық  педагогикалық тәжірибелерін  үйрену, қолдану, тарату  бойынша  қажетті IT -құзыреттіліктерді меңгереді.

5) SMART-онлайн коучинг – мұнда  болашақ педагогтер педагогика, киберпедагогика, медиапедагогика, цифрлы педагогиканың  көкейкесті проблемалары бойынша педагогикалық коучинг, тренингтерді өткізу бойынша  қажетті құзыреттіліктерді меңгереді.

6) SMART-онлайнковоркинг-орталық – креативті педагогтер мен болашақ педагогтердің  ашық алаңы; білім беру стартап-жобалар жасайтын педагогикалық хакатон,  өз  тәжірибелері және өз идеяларымен бөлісетін кретивті болашақ педагогтердің симуляциялық орталығы; мұнда smart-болашақ педагог педагогика, киберпедагогика, медиапедагогика, цифрлы педагогиканың  көкейкесті проблемалары  бойынша  инновациялық зерттеулер мен  ғылыми жобаларды  жүргізуге қатысты  креативті  құзыреттіліктерді меңгереді;

7)  SMART - онлайн виртуалды зертхана –  болашақ педагогтер кейбір зертханалық жұмыстарды  виртуалды зертханаларда жүргізеді. 

8) SMART  цифрлы  контент – smart- болашақ педагог өз пәні бойынша  электронды контент әзірлейді.

www.smart-pedagog.kz  педагогикалық білім беру порталының видеогалерея блогінде «Педагогика» пәнінен  жоба жетекшісі Клара Жайдарбекқызының  видеолекциялары орналастырылған.

Сондай-ақ, www.smart-pedagog.kz  педагогикалық білім беру порталында «smart- болашақ педагог»  онлайн тест және онлайн-сауалнаманың веб версиясына және мобильді қосымшасына шығуға болады. «smart-болашақ педагог» онлайн-сауалнаманың веб  версиясына шығып,  болашақ педагог - 3 курс студенті Хаирбеков Ернұр  алғашқы сауалнама және тесттен өтіп, өзінің цифрлы-құзыреттілігін сынады және көпшілік қауымға  онлайн-сауалнама және  онлайн-т есттен қалай өтуге болатындығын ашық көрсетті. www.smart-pedagog.kz  педагогикалық білім беру порталының болашақ педагогтердің цифрлы-құзыреттілігін қалыптастырудың айрықша құралы екенін және дер кезінде ашылып жатқан ерекше  толғаныспен атап  өтті.

Болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттілігін қалыптастыруда www.smart-pedagog.kz  педагогикалық білім беру порталының қосар үлесі зор болмақ.

БУЗАУБАКОВА Клара Джайдарбековна

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор