Главная - Новости - Меморандумға қол қойылды

Меморандумға қол қойылды

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ГРУЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН С.С.ОРБЕЛИАНИ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ КОЛЛАБОРАТИВТІК ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР БАСТАУ АЛДЫ

ХХІ ғасырда қоғамда  тез қарқынмен жүріп жатқан  ақпараттандыру процесі жағдайында  Жаңа Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау, болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігі туындауда.

AP09259497 «Жаңа  жағдайдағы  Қазақстанда  педагогикалық  білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ  педагогтердің  цифрлы  құзыреттіліктерін қалыптастырудың  технологиялық-әдістемелік аспектілері» атты  гранттық қаржыландыру  жобасы аясында   Жоба жетекшісі, п.ғ.д., профессор К.Д.Бузаубакова және Жоба мүшесі, PhD доктор П.А.Кудабаева 13.05.23-25.05.23ж. аралығында Грузия мемлекетінің  Тбилиси қаласындағы С.С.Орбелиани атындағы  университеттен ғылыми тағылымдамадан өтті:

1) М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Грузия мемлекетінің С.С.Орбелиани атындағы университет ғалымдарының арасындағы коллаборативтік ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша меморандумға қол қойылды.

2) М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Педагогика» кафедрасына қарасты 7М01005 – Білім берудегі  менеджмент мамандығы бойынша   басым бағыты студенттердің интеллектуалды және тұлғалық дамуымен үйлесетін  және олардың  жеке қызығушылықтары мен дербес  қабілеттеріне сәйкес келетін академиялық ортаны құру болып табылатын С.С.Орбелиани атындағы  университетінде    академиялық ұтқырлық, магистранттардың ғылыми тағылымдамадан өту бойынша келісім шарт жасалынды.

3) AP09259497 «Жаңа  жағдайдағы  Қазақстанда  педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ  педагогтердің  цифрлы  құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері» ғылыми  Жоба аясында Дулати университеті  мен С.С.Орбелиани атындағы  университет  ғалымдарының арасындағы коллаборативтік  ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша  ынтымақтастық орнатылды.

Жаңа Қазақстан жағдайында педагогикалық жоғары оқу орындарында педагог кадрларды кәсіби тұрғыдан  дайындау  жүйесін  жетілдіру және болашақ педагогтердің цифрлық  құзыреттілігін қалыптастыруда шетелдік ЖОО-мен   коллаборативтік ынтымақтастық орнатудың маңызы зор.

Клара БУЗАУБАКОВА

М.Х.Дулати  атындағы Тараз өңірлік

университетінің «Педагогика»

кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор